RU
Толық нұсқаға өту

Щучинскдегі жарылыс: зардап шеккендерге көмек көрсетіледі 

27.02.2026, 17:16 47

Щучинскдегі жарылыстан зардап шеккендер мен мерт болғандардың отбасыларына мемелекет тарапынан жан-жақты көмек көрсетіледі. 

Бұл туралы жергілікті билік өкілдері мәлімдеді. Жарақат алған 28 адамның 15-і дәмхана қызметкері. Көз жұмғандардың бесеуі осы тамақтану орнында жұмыс істеген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының мәліметінше, ауруханадағы төрт науқастың жағдай өте ауыр. Дәрігерлер барлық қажетті емді жасап жатыр. Естеріңізге сала кетелік, өткен түнде Щучинск қаласындағы дәмханада жарылыс болып, артынша өрт шыққан. Құтқарушылар ғимараттан сегіз газ баллонын алып шықты. Жарылыс салдарынан жеті адам көз жұмған.

Арай Садықов, Бурабай ауданының әкімі:

- Қайтыс болған адамдардың отбасыларына 2 млн.теңгеден материалдық көмек көрсетіледі. Ал зардап шеккендердің жақындарына 1 млн.теңгеден береміз. Бұдан бөлек, марқұмдардың жерлеу рәсімдерін де ұйымдастурға атсалысамыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz