Ел азаматтарының 74 пайызы өзін жекелеген ұлттың өкілі емес, қазақстандықпын деп санайды.
Астанадағы Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-сарапшылар кеңесі жүргізген әлеуметтік зерттеудің нәтижесі осындай. Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының мәліметінше, екі жыл бұрын бұл көрсеткіш 49 пайызды құраған. Сол кезде сұрау салған халықтың 22 пайызы өзін белгілі бір этникалық санатқа жатқызған еді. Сарапшылардың пікірінше, қоғамдағы мұндай үдеріс азаматтық идентиканың нығайып келе жатқанын білдіреді. Мұндай процестер конституциялық реформа кезінде де ескеріледі. Ата Заңның жаңа жобасында «біртұтас Қазақстан халқы» ұғымына баса мән беріледі, әрі әр азаматтың өз ұлтын айқындауға құқығы бары айтылады.
Риззат Тасым, Қазақстандық қоғамдық даму институты орталығының басшысы:
- Қазақстанда кеңесуші консультативтік органдарға заң шығарушылық бастамасы беріліп отыр. Яғни халық кеңесі, бүгінгі таңдағы өзара бұған дейін өзінің жемісін көрсеткен ҚХА мен ұлттық құрылтайдың трансформациясының бірігуі негізінде Халық кеңесі құрылып отыр және заңнамалық бастамашы құқығы бар. Енді ұсынымдар тек қана жай ұсынымдар ретінде шектелмей, тікелей заң шығарушы нормативтік құқықтық жүйеге енгізіліп отыр. Оның өзін үлкен жетістік деп қабылдау керек.
Тегтер #халық #ұлт #Ата Заң #Ұлттық құрылтай
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz