RU
Толық нұсқаға өту

Ақтөбеде референдумды қолдауға арналған фестиваль өтті

27.02.2026, 21:48 72

Іс-шараны белсенді жастар ұйымдастырды. Ашық аспан астында өткен жиында олар алдағы саяси науқан туралы баяндап, жиналғандарды 15-наурыз күні өз таңдауын жасауға шақырды. 

Облыстық коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын түсіндірді. Фестиваль мерекелік кешке ұласып, түрлі оқу орындарының білім алушылары өнер көрсетті. 

Айгүл Нұркеева, облыстық мәслихат депутаты:

- Конституция мемлекеттіміздің тірегі. Болашақ ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін ең басты құжат. Жаңа Конституция әділетті және прогрессивті Қазақстанды қалыптастыруға бағытталған. Баршыңызды 15 наурыз күні референдум учаскелеріне келіп, хөз дауысыңызды беруге шақырамын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz