RU
Толық нұсқаға өту

Михаил Шайдоров Алматыға оралды

28.02.2026, 09:33 34

XXV қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы, алматылық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров туған қаласы Алматыға оралды.

Түнде Әуежайда спортшыны жанкүйерлері, достары мен туыстары қарсы алды. Жеңімпаздың құрметіне Music fresh band тобы жанды дауыста ән шырқап, суретші Әсел Сабыржанқызы чемпионның кілемге салынған портретін сыйға тартты. Шайдоровтың жетістігі тек спорттағы табыс емес, сонымен қатар Қазақстанның халықаралық аренадағы абыройын арттырған тарихи сәт болды. Себебі, бұл Қазақстанның спорт тарихындағы мәнерлеп сырғанаудан алғашқы Олимпиада алтыны. Михаил Шайдоровтың жеңісі жас спортшыларды ынталандырып, спортта жаңа белестерге жетуіне үлес қосары сөзсіз.

Михаил Шайдоров, Олимпиада чемпионы:

- Қуанышымда шек жоқ. Мені күтіп, қолдап келген баршаңызға рақмет! Керемет әндер айтылды. Сүйікті қалама оралғанда осылай қарсы алып жатқаны қуантады. Сөзбен жеткізу мүмкін емес. Алда көп жарыстар күтіп тұр. Мен елімізде мәнерлеп сырғанауды насихаттағым келеді. 

Әсел Сабыржанқызы, суретші:

- Мені Михаил Шайдоровтың мұз үстіндегі өнері шабыттандырды. Портретте чемпионның қанаттанып тұрған сәтін бейнеледім. Осы еңбегімді бүгін оған табыстауға мүмкіндік туғанына қуаныштымын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz