RU
Толық нұсқаға өту

Жаңа Конституция жобасы: цифрлық қауіпсіздік кепілі

28.02.2026, 11:00 55

Ата Заңға енгізілген өзгерістерде адам құқын қорғау, цифрландыру саласы мен ғылымға және инновацияларға айрықша басымдық берілген.  

Өйткені цифрландыру дәуірінде адамның жеке басына қатысты мәліметтер кім көрінгеннің қолына түспеуі керек. Оның соңы алаяқтыққа апарып соқтыруы мүмкін. Ал білім мен ғылымды, мәдениетті дамыту жастардың болашағына салынған инвестиция іспетті.

БЛИЦ:

1. Ата Заңымыз 1995 жылы қабылданған. Қазір деген заман өзгеріп жатыр. Өскелең ұрпақ өзгеріп жатыр. Цифрлық Қазақстан деп жатырмыз. 30 жыл бұрын ұялы телефондарымыз мүлдем жоқ болса, қазір бәрімізде ұялы телефон бар деген сияқты. Одан кейін мына цифрлық заманда искусственный интеллект бар дегендей мәселелерді алып келе отырып, әрине білім саласын, мәдениет саласы болсын, осы жаңа конституцияда өзгеріп жатқан мәселелер қатты қаралу керек деп ойлаймын. Біз оны қолдаймыз. 

2. Біздің мемлекетімізді қазір ел таниды. Бүкіл әлемдік аренада өзіндік орыны бар. Сол себепті енді осы мыңжылдық тарихы түртілмесе, одан кейін енді мына заңда атап көрсетіп жатыр, еліміздің біртұтастығы жерінің, одан кейін тәуелсіздігі, ешуақытта мына адамдардың бостандығына қолсұғылмаушылығы, сол туралы айтылған. Сол себепті бұл Заңның өзгеріп жатқаны ол енді осындай халықтың пайдасына деп ойлаймын. 

3. Менің ойымша қазіргі заман дамыған сайын киберпреступление дамып жатыр. Мысалы, бір жыл бұрын ол заң болмады. Дроппер деген заңды қолданды. Қазір енді ол қылмыс бойынша, заң бойынша ұсталып жатыр. Оны өте қатты қолдаймын. 

4. Қазақ тілінің орыны айрықша белгіленген. Бұл біздің еліміздің болашағы үшін үлкен әрі маңызды қадам деп ойлаймын. Біздің тілімізге жалпы басымдық көрсетілуі, барлық жерде қолданылуы еліміздің бірлігін арттырады деп ойлаймын. Жастар да қазақ тілінде сөйлеуге бейімделеді. Сонымен қатар қазақ тілінің дамуына да үлкен үлестерін қосады деп ойлаймын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz