Бүгін 28 ақпан жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл. Мерейлі датаға орай Жамбыл ауданындағы мемориалдық мұражайда ұлы ақынды еске алу шарасы өтті.
Зиялы қауым өкілдері, мәдениет қайраткерлері мен ұрпақтары жыр алыбының ескерткішіне гүл қойып, рухына құран бағыштады. Жамбыл Жабаевтың мұрасы дәріптелді. Жамбыл - екі ғасырды көрген жыршы. Зар заманнан социалистік кезеңге дейінгі тарихи сілкіністерді көзімен көріп, жырына қосты. Ортағасырлық түркі жыры «Көроғлы», «Манас», «Қыз Жібек», «Мұңлық-Зарлық», «Ер Төстік» секілді эпостарды, тіпті «Шахнаманың» бір нұсқасын жатқа білген, дейді зерттеушілер.
Нұрлан Оразалин, ақын, драматург:
- Жамбыл Жабаев халқымен бірге жасайтын, халқының рухын асқақтататын, соның қаншама құдіретті, қасиетті екенін әлемге танытып келе жатқан, әлі де болашақта алға сол көшті бастайтын біздің ғибратты ұлы тұлғамыз. Жәкеңнің тойы халқымен бірге тарқамайтын той.
Салтанат Жамбылова, Жамбыл Жабаевтың немересі:
- Жамбыл атамыздың туған күні. Енді ол осындай ұрпақтары бар кезде ұлы тұлғалар өшпейді деп ойлаймын. Жаңғыра береді, жаңара береді. Енді елдің амандығын, жұрттың тыныштығын тілейміз. Бәріңізге де осы келген қауымға, қазақ еліне Жамбыл атамның жасын, бағын берсін деп айтқым келеді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Жамбыл Жабаев #180 жыл #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz