RU
Толық нұсқаға өту

Павлодарда жастар форумы өтті

28.02.2026, 22:00 39

Павлодарда  «Волонтёр. Заң. Тәртіп. Болашақ» атты жастар форумы өтті.

Аталған шара жастарға «Заң мен Тәртіп» қағидаттарының маңызын түсіндіру, құқықтық мәдениетін арттыру, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызмет пен волонтерлік қозғалысқа белсенді қатысуға ынталандыруды көздейді. Кездесу барысында қатысушыларға 15 наурызда өтетін республикалық референдумның маңызы, сондай-ақ жастардың елдің қоғамдық-саяси өміріндегі айрықша рөлі жан-жақты түсіндірілді. Жастар арасынан шыққан амбассадорлар қатарластарын Отан үшін маңызды  тарихи сәттен шет қалмауға шақырды.

Жәмилә Бұланбаева, форумға қатысушы:

- Осындай мәртебеге ие болғаныма өте қуаныштымын. Біз жастар ел болашағы, алдыңғы қадам суретшісі, қалаушысы болып табыламыз. Бүгінгі Қазақстан болашағы біздің қолымызда. Әрқайсымыздың дауысымыз өте маңызды. Отанымыздың болашағы үшін және де әркімнің әлеуметтік тұрғылықты жағынан қызмет көрсетуге әрқашан дайынбыз жаңа Ата заңымыздың негізі де бастапқы құндылығы да ол - адам. Еңбек адамы ел күші, отанымыздың жүрегі болып табылады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz