RU
Толық нұсқаға өту

Қ. Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтауы

01.03.2026, 08:01 49

Бүгін алғыс айту күні. Мемлекет басшысы айтулы күнмен құттықтады. Бұл халқымыздың ең асыл құндылықтарын дәріптейтін ерекше мереке.

«Өзара құрмет көрсету, өзгеге жанашырлықпен қарап, шынайы тілеулес болу ұлтымыздың бойына сіңген қасиеттер. Алғыс айту дәстүрі төл руханиятымыздың темір-қазығы ретінде ел ішіндегі сенім мен бірлікті нығайтуға зор ықпал етіп келеді. Жақындарымызға алғыс айту оларға рухани қолдау көрсету, қиын кезде қол ұшын созу деген сөз. Қазіргі құбылмалы заманда бұл қасиеттің мән-маңызы ерекше. Біз осы мейрамда ең алдымен қиын-қыстау жылдары елімізді аман сақтап, ұрпаққа аса құнды әрі мол мұра қалдырған ата-бабаларымызға тағзым етеміз. Ұстаздарға, дәрігерлерге, мәдениет саласы қызметкерлеріне, кәсіпкерлерге, жұмысшыларға, тәртіп сақшыларына, өрт сөндірушілерге, құтқарушыларға және адал еңбегімен сүйікті Отанымыздың өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосып жүрген барша азаматқа алғыс айтамыз. Сондай-ақ жастарға және еріктілерге ерекше ризашылығымды білдіремін. Еліміз ауқымды әрі тарихи бетбұрыс кезеңіне қадам басты. Республикалық референдумға шығарылған жаңа халықтық Конституцияның жобасы, адам құқықтарын қорғау жүйесін жақсартуға, билік институттарының жауапкершілігін күшейтіп, тиімділігін арттыруға, қастерлі Тәуелсіздігіміз бен Егемендігімізді нығайтуға мүмкіндік береді. Жаңа Ата Заң бәріміз бір ел болып іргесін қалап жатқан жарқын болашаққа жол ашады. Татулық пен өзара сенімді нығайта отырып, қасиетті Отанымыз Қазақстан Республикасын көркейту жолында биік мақсаттарымызға бірге жетеміз деп сенемін», - деді Президент құттықтауында.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz