RU
Толық нұсқаға өту

Жамбыл облысының тұрғындары дәрігерлер мен тәртіп сақшыларына алғыс айтты

01.03.2026, 10:23 39

Осылайша, ауыр дертпен келген балалардың өміріне араша болып жүр. 

Ал тәртіп сақшылары болса, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Батырлық танытқандар қатарында қала тұрғыны да бар. 

Мына видеода белгісіз ер адамдардың 13 жастағы қызды ұрламақшы болғаны түсіп қалған. Оқушыны көлікке сүйреп жатқан қаскөйлерге Нұркен Омаров араша түсті. Осындай ерлігі үшін қала тұрғынын облыстық полиция департаменті мен облыс әкімі марапаттады. «Дегемен бұл әрекетті алғыс алу үшін емес, адам өмірін қорғау ниетімен жасадым», - дейді Нұркен.

Нұркен Омаров, қала тұрғыны:

- Менің баламның жасы 13-те. Сол қызбен қатар. Осы қоғамда адамдар бір-біріне жанашыр болу керек деп ойлаймын. Жақсылық айналып келеді адамға. Қиналып тұрған кісілерге көмектесу – әр адамның борышы. 

Ал Жамбыл облыстық  балалар ауруханасында жылына 800-ге жуық ота жасалады.  Жеткіншектердің кейбірінің аяқ-қолы сынып келсе, кейде жол апатынан ауыр жағдайда түсетіндер болады. Түрлі затты жұтып қойған балалар да аурухана жиі жеткізіледі. Олардың өміріне араша түсетін осында жүрген ақ халаттылар. Дәрігерлердің тынымсыз еңбегіне Сағыныш Оңғарбаева куә. Оның сәбиінің өңеші жетілмей туған. Сондықтан дәрігерлер көмегіне жиі жүгінеді. 

Сағыныш Оңғарбаева, қала тұрғыны:

- Қазір жасымыз 3-ке келіп қалды. Осы кісілердің арқасында, үлкен рақмет айтамын! Жұмыстары жүре берсін. Еңбектері ақтала берсін. Менің балапаныма қарап, емдеп беріп жатыр. Шынын айтқанда, араға бір ай салмай, қайта келдік. Осы кісілерге жүгіріп келеміз, емедеп береді. Шүкір Аллаға, сөйтіп өсіп келе жатыр қызымыз. Осы білікті мамандардың арқасы бәрі. 

Тараздағы № 51 мектепте соңғы біренеше жылда құқық бұзушылық болмаған. Оған мектеп инспекторының жүйелі жұмысы мен алдын алу шаралары себеп. Ағарту ошағына жауапты тәртіп сақшысы, оқушылармен үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, түрлі кездесулер ұйымдастырады. 

Ғайния Оралбаева Н.Данаев атындағы № 51 мектеп директорының орынбасары:

- Оқушылардың құқықтық сауатты болуы, оқушылардың тәртіп бұзбауы – бұл мектеп инспекторының құқық тәрбие ісі жөніндегі тәрбие орталығының жұмысы. Сол себептен әріптестеріме мектеп инспекторына үлкен алғысымды білдіремін. 

Елімізде Алғыс айту күні 2016 жылдан бері аталып өтеді. Қай қызметкер болсын алғыс үшін жұмыс істемейтіні белгілі. Дегенмен ризашылық білдіру – адамға қолдау көрсетіп, шабыт берумен тең. Батырды алыстан іздеудің қажеті жоқ. Нағыз батырларымыз ел ішінде – өз ісін адал атқарып жүрген жандар. 

Авторлары: Мерей Бает, Елдар Байділдә

 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz