Өскемендегі ірі сауда орталығында «Жаңа Ата заң жобасын» қолдауға арналған іс-шара өтті. LIVE концерт форматында өткен мәдени басқосуды 10 мыңнан аса адам тамашалады.
Олардың арасында жастардың қарасы көп. Себебі Еркін Нұржан, Мирас Жүгінісов, Садраддин сияқты көпшілікке танымал жұлдыздар өнер көрсетті. Жұртшылық алдында қоғам белсенділері де шығып алдағы референдумға бір адамдай қатысуға үндеді. Ел болашағы үшін маңызды құжаттағы басты өзгерістер жайлы да түсіндірілді. Жалпы сарапшылар пікірінше, алдағы тарихи өзгеріске жас буын өкілдерінің қызығушылығы жоғары.
Аяужан Әшімова, ШҚО қоғамдық кеңес төрағасы:
- Әр үйде әр мекемеде, әр ортада бүгін Жаңа Конститутция мәтіні қызығушылықпен талқыланып жатыр. Сұрақ өте көп. Жастар арасында, жастар көшбасшылар арасында түрлі түсіндірулер кездесулерге қатыстық. Қызығушылық өте жоғары. Жастарға қандай жаңалық әкеледі деген сұрақтар көп қойып жатыр. Жалпы болашақ ертеңгі күн жастарға тиесілі.
Тегтер #Өскемен #Ата Заң #жоба #іс шараPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz