Қазақстанда киножобалар байқауы басталды. Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында Премьер-министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жазды.
Іріктеудің басым тақырыптары Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының сайтында жарияланды. Биыл туған жер, отбасы, салауатты өмір салты, ұлттық құндылықтар, еңбек, заң, тәртіп, табиғат, ғарыш, туризм сияқты жан-жақты тақырыптар легі ұсынылып отыр. Маңызды жаңалықтардың бірі – іріктеу жасанды интеллекттің көмегімен өтеді. Бұл шешім қабылдаудағы ашықтық пен әділдікті қамтамасыз етуге көмектеседі. Ережеге сәйкес бірінші кезеңде, тек сценарийлер мен сценарий жоспары қабылданады. Екінші кезеңде құжаттар топтамасының толық сәйкестігі тексеріледі. Ал ашық қорғау мен пит-чинг кезеңі онлайн көрсетілім арқылы өтеді. Конкурс нәтижесінде, мемлекеттік қолдау тапқан жобалардың 70 пайызы жас режиссерлердің туындылары.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Аида Балаева #кино жобаларPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz