RU
Толық нұсқаға өту

Ақтөбе облысында 865 мың гектар жерге дән себіледі

02.03.2026, 08:28 47

Ақтөбе облысында биыл 865 мың гектар алқапқа дән себіледі.

Шаруалар 506 мың гектар жерге арпа мен бидай егуді жоспарлап отыр. Кейінгі жылдары өңірдегі егістікте мал азығы мен майлы дақылдардың үлесі де артып келеді. 

Мәртөк ауданындағы сүтті сиыр бағатын бұл серіктестікте 3400 гектар егістік алқабы бар. Ір қараға арпа-бидаймен қатар жоңышқа, жүгері, құмай түрін де егеді. Шаруа қожалығы басшысы мал азығын қамдау үшін шабындық шарлап қажет емес дейді. Суармалы алқаптардың тиімділігін түсінген. 

Әлімжан Айтмұхамбетов, шаруа қожалығының басшысы:

- Полив бізде 910 гектар ғой. Соның обработкасын жасап қойдық. минералды тыңайтқыш шашып. Бізде барлығы 2600 гектардай ғой. Оған сорге егеміз, бидай, арпа, кукуруз. Және 150 гектар силласқа кукуруз дайындаймыз. Техника жеткілікті бізде.

Былтыр Ақтөбе облысында жоңышқа мен судан шөбі сияқты өсімдіктер 263 мың гектар алқапқа егілсе, биыл мал азығын 277 мың гектарға егу жоспарланып отыр. Диқандар бітік шығып, мол өнім беретін майлы дақылдар үлесін де 15 мың гектарға көбейтуді көздеген. Ауыл шаруашылығы саласын әртараптандыру үшін сапалы тұқым мен минералды тыңайтқыштарға мемлекеттік субсидия қарастырылған. Ал, көктемгі егіс науқаны дер кезінде басталуы үшін тиісті құжаттар былтыр қазан айынан бастап қабылданды. 

Нұрбек Райымбаев, облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

- "Кең дала-2" бағдарламасы аясында жылдық 54 пайыздық мөлшерлемемен шаруашылықтаорға несие беруге өтінімдерді қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 1,7 млрд теңге қаражат берілді. Сондай ақ жергілікті бюджеттен осы өсімдік шаруашылығын субсидиялау мақсатында 2,1 млрд теңге қаражат бөлінді. 

Қазір өңірдегі қамбаларда 44 мың тонна тұқым қоры бар. Көктемгі егіс науқанына арнап 7900 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінген. Ат-көлігін сайлап қойған шаруалар қар көбесі сөгіле ылғал сақтау жұмыстарына кіріседі.

Мансұр Есқожин, Айнадин Молдабеков, Айбек Даутов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz