Шымкентте жалпыхалықтық референдумда 695 мың 145 адам өз таңдауын жасай алады.
Қазір олар Конституцияның жаңа редакциясына енген толықтырулар мен түзетулерді қызу талдап жатыр. Дауыс берушілердің назары заман талабына сай енгізілген жаңашылдықтарда. Алғаш рет интернет пен цифрлық ортада адам құқығының қорғалуы туралы ой қозғап, оның маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар Қазақстан өзінің тарихи мұрасын сақтайтыны және шекарасы өзгермейтін біртұтас мемлекет болып қала беретіні туралы жазылған кіріспені өзекті деп санап отыр.
БЛИЦ
- Шекараларымызды нақтылап алдық. Әлем бойынша өзіміздің Орталық Азияда үлкен Қазақстан мемлекеті деген ел деп айқындап алдық. Енді осы тарихи тұтастықты сақтайтын бұл қазіргі таңда жаңадан қалыптасып жатқан Конституция кепіл болып отыр.
- Жаһандану заманында біздің құқықтарымыз Конституция дәрежесінде қорғалуы керек. Дамыған мемлекеттер қатарына кіру үшін де, Қазақстан үшін де маңызды деп санаймын.
- Бұрын біз қаншама күн кезекте тұрып мысалы бір қағазды алатын болсақ, қазіргі таңда үйден отырып, көптеген құжаттарға, деректерге қол жеткізе аламыз. Цифрлық технологияның даму барысы өте қоғамға, адамзатқа пайдалы деп ойлаймын. Қазіргі таңда технологияны, цифрландыруды алып қарасақ бізде киберқауіпсіздік өте маңызды. Конституция заманына сай технология дамыған сайын өзгерістер енгізіліп, толықтырылуы керек деп ойлаймын.
Тегтер #конституциялық реформа #Шымкент #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz