Таяу Шығыс аймағындағы геосаяси ахуалдың күрт шиеленісуіне байланысты «Туристік қамқор» корпоративтік қоры мен отандық туроператорлар шұғыл іс-қимыл шараларына көшті.
Қазіргі уақытта шетелде жүрген отандастарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі жіті қадағалануда. Мамандар Біріккен Араб Әмірліктері мен Катардағы ахуалды сағат сайын бағамдап, тиісті байланыс арналарын іске қосты. Қор директоры Асылхан Есіловтің мәлімдеуінше, ресми туристік жолдама арқылы сапарға шыққан әрбір азаматтың құқықтық мүддесі мен әлеуметтік жағдайы кепілдендіру жүйесімен толық қамтылған. Алайда, өз бетінше сапарға шыққан азаматтардың жауапкершілігі тек өздеріне жүктелетінін ескертті.
Асылхан Есілов, «Туристік қамқор» корпоративтік қорының директоры
- Қазақстандық туристер де бірнеше елде. Қазір Қазақстанға оралмай жатыр. Бұл біріншіден, Араб Әмірлігінен 2,5 мың қазақстандық туристтің тур коды бар. Яғни олар бәрі туристік қамқор қорының тур операторлармен бірігіп қонақ үйлерде орналастырылды. Екінші ел – Сауд Арабиясында 200 ден астам, ал Катарда 1 мыңнан астам қазақстандық турист бар.
Тегтер #туристер #Таяу Шығыс #ахуалPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz