Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Еуразия ұлттық университетінің студенттерімен кездесті.
Іс-шарада жаңа Конституция жобасының негізгі нормалары және оларды іске асырудағы жастардың рөлі талқыланды. Сондай-ақ әлеуметтік-саяси трендтер мен сын-қатерлер де сөз болды. Мәулен Әшімбаев қазіргі жаһандық тұрақсыздық пен технологиялық өзгерістер Қазақстаннан жедел бейімделуді және басқару жүйесін қалыптастыруды талап ететінін атап өтті. Осы тұрғыда Сенат Төрағасы мемлекеттің жаңа моделін қалыптастыратын негізгі бағыттарға тоқталды.
Кездесуде референдум өткізу жаңа тарихи кезеңнің басталатынын білдіретіні айтылды. Бұл қадам партиялық жүйені, мәслихаттардың әлеуетін және азаматтық диалог институттарын нығайтуға серпін бермек. «Конституцияны жаңарту саяси архитектураны ғана емес, қоғамның әлеуметтік негіздерін де терең трансформациялауға ықпал етеді», - деді Сенат төрағасы.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Жаңа Конституциямыздың жобасы алдағы сын қатерлерді назарға ала отырып, еліміздің негізгі даму қағидалары мен бағдарын айқындап берді. Онда тәуелсіздік пен егемендікті қорғау негізгі басымдық ретінде бекітілген. Қоғамдық келісімге, өзара диалог пен сыйластыққа баса мән берілген. Ұлттық бірегейлігімізді нығайту, мемелкеттік тілімізді дәріптеу, патритизді қолдау қағидалары айқындалған. Бір сөзбен айтақнда, жаңа ата заң жобасы Қазақстан болашағының мафесі деуге толық негіз бар.
Серікзат Дүйсенғазы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің деканы:
- Ата Заңда білімге, ғылымға мән берілетіні – үлкен жаңалық деп айтуға болады. Келешекте осы салаға үлкен қаржы да бөлінеді. Келешекте біздің мемлекетіміз ғылымы дамыған, инновациялық үлкен мемлекетке айналады деген үміттеміз. Содан кейін – үшінші төл мәдениет деген. Мен өзім тек ғылым саласында ғана емеспін, сонымен қатар қазақтың айтыс өнеріне үлес қосқан ақынмын. Төл мәдениетке мән берілгені мені қуантып отыр.
Тегтер #референдум 2026 #Конституция жобасы #ЕҰУ #студенттер
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz