RU
Толық нұсқаға өту

Теңге бағамы 0,7 пайызға нығайды

02.03.2026, 19:20 48

Ақпан айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 0,7%-ға нығайды. 1 АҚШ доллары орта есеппен 497,69 теңгені құрады. 

Ұлттық банк валюта нарығындағы ахуал туралы хабарлама жариялады. Онда Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың жалпы көлемі 6,7 млрд АҚШ долларына жеткені жазылған. Ақпан айында Ұлттық қордан 400 млн АҚШ доллары көлемінде валюта сатылды, бұл өз кезегінде республикалық бюджетке трансферт бөлуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Ақпан айында «айналау» операциялары аясында 350 млрд теңге алынды. Наурыз айында осы мақсат үшін 350 млрд теңге баламасында валюта сату күтіледі.

Ашықтық қағидаты аясында Ұлттық Банк валюта нарығында жүргізілетін операциялар туралы ақпаратты толық ашып көрсетуді жалғастырады. Қысқамерзімді келешекте теңгенің динамикасы нарыққа қатысушылардың күтулеріне, тоқсандық салық төлемдеріне, әлемдік нарықтардағы ахуалға және геосаяси жағдайдың өзгеруіне байланысты болады. Ұлттық Банк теңгерімсіздіктің жинақталуын болдырмайтын және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстана береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz