Жалпыұлттық коалиция мүшелері Ата Заңға енгізілетін өзгерістерді талқылап, тиімді тұстарына тоқталды.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен өткен шарада қатысушыларға конституциялық реформаның негізгі жаңалықтары таныстырылды. Ата Заңда адам құқықтары мен бостандықтарына басымдық беріліп, құқықтық мемлекет қағидатын күшейтуге және билік тармақтарының аражігін айқындауға, сондай-ақ зайырлы мемлекет сипатын нығайтуға ерекше ден қойылатыны тілге тиек етілді. Бұған қоса, жаңа Конституция жобасында мемлекеттің азаматтар алдындағы жауапкершілігі, егемендік пен елдің аумақтық тұтастығы, цифрлық кеңістікте азаматтардың құқықтарының қорғалуы және отбасы институтының жаңғыруына қатысты тұщымды пікірлер айтылды.
Тегтер #конституциялық реформа #Жалпыұлттық коалиция #Ата ЗаңPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz