Жүгері алқабын 265 мың гектарға жеткізу жоспарда бар. Бұл өткен жылдан 90 мың гектарға көп.
Бидай алаңы керісінше, 125 мың гектарға қысқарады. Елде жалпы егіс алаңы шамамен 23,8 млн гектарды құрайды, бұл өткен жылдан 180 мың гектарға көп. Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен болжамға сай, майлы дақылдар алаңы 55 мың гектарға, азықтық дақылдар 242 мың гектарға, арпа 94 мың гектарға, картоп алаңы 10,3 мың гектарға көбейеді. Сондай-ақ биыл суды пайдалану лимитіне сай күріш алаңы 20,2 мың гектарға қысқарады. Мақтаны тамшылатып суару алаңы 30 мың гектарға ұлғайып, дәстүрлі суару әдістері қолданылатын алаңдар 12 мың гектарға қысқарады.
Тегтер #ауыл шаруашылығы #егіс #дақылдар #алқапPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz