Батыс Қазақстан облысы аумағында көктемгі тасқынның алдын алу мақсатында өзендердегі мұз кептелістерін жою жұмысы басталды.
Бұл шараға өңір бюджетінен 184 млн теңге бөлінді. Арнайы лицензиясы бар мердігер компания Шаған мен Деркөл және Шыңғырлау өзенінде жалпы көлемі 47 мың шаршы метр аумақтың мұзын жарады. Қазгидрометтің мәліметінше, наурыз айының екінші онкүндігінде облыс аумағында күн күрт жылуы мүмкін. Осыған байланысты өзендердегі мұздың жаппай еру қаупі бар. Қазіргі уақытта Орал қаласында, сондай-ақ Тасқала ауданы мен Бәйтерек ауданында жоғары тасқын қаупі сақталып отыр.
Әлібек Ташимов, БҚО жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы:
- Барлығы сексен үш учаске анықталды. Сол аталған учаскелерде мұз жаруды жүргіземіз. Бұл деген су тасқынының қауіпсіз өтуіне және мұз кептелісін болдырмауының алдын-алу мақсатында жүргізіледі. Орал қаласының аумағында, Шаған өзенінде және Жәнібек ауданында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мұзды жару жұмыстары он күн жүргізіледі және осы қауіп сейілгенше мұз жару жаңағы бригадасы осында болады.
Тегтер #БҚО #тасқын #мұзPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz