Елде тіршілік көзі тапшы. Биылғы суару кезеңінде 1,2 млрд текше метр су жетіспеуі мүмкін.
Әсіресе бұл мәселе оңтүстік өңірлерде өте өзекті. Дегенмен құзырлы мекемелер қол қусырып отырған жоқ. Суды көп қажет ететін дақыл түрлерін азайтып, ақылды технологиялар арқылы үнемдеу ісін ілгерлетпек.
Арман Балтабайұлы, қайырлы кеш! Иә, тіршілік көзінің тапшылығы агросекторда анық байқалады. Биылғы жетіспеушілік 1,2 млрд текше метрге жетеді деген болжам бар. Ал жауаптылар осының алдын алу үшін суды көп тұтынатын күріш, мақта сынды дақыл түрлеріне шектеу қойып отыр.
Ақпан айының аяғындағы ақпаратқа сенсек, оңтүстік өңірлердегі су қоймаларында 23,4 млрд. текше метр су жиналған. Бұл былтырғымен салыстырғанда 759 млн-ға аз. Яғни биыл қуаңшылық қос бүйірден қысуы мүмкін. Мұны министрлік мамандары да айтып отыр. Дегенмен, құзырлы мекеме қол қусырып отырған жоқ. Тіршілік көзінің тапшылығын болдырмау мақсатында былтыр 1840 шақырым суару арналары тазартылып, 680 шақырым желі жаңартылды. 75 гидротехникалық нысан жөнделді. Ал биыл үш жаңа су қоймасының құрылысы басталып, екі су қоймасын реконструкциялау көзделген. Бір мезгілде оңтүстіктегі 5 облыста жалпы ұзындығы 986 км құрайтын 103 каналды реконструкциялау мен автоматтандыру бойынша 96 жобаны іске асыру басталады. Бұдан бөлек, су бөлудің нақты нормасы бөлінді.
Арман Өтепов, сарапшы:
- Үкіметтің дерегі бойынша суармалы судың 98 пайызы 5 оңтүістік өңірінде Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарына пайдаланылады. Суармалы жер көлемі шамамен 1,2 млн гектар. Тапшылықтың себептері әдетте бірнеше факторлар қосындысы. Бірінші бұл вегитация кезінде сұраныс күрт өсуі. Каналдардағы шығындар және ең бастысы трансшекаралық өзендерден келетін су аздығы.
Үнемдеу ісін ілгерлету де маңызды. Қазір тың технологиялар қолданатын жер көлемі 543,5 мың гектарға жетті, жыл сайынғы өсім шамамен 150 мың гектарды құрайды. 2026-2028 жылдарға арналған бюджетте суды үнемдеуді қолдауға 228,1 млрд теңге қарастырылған.
Ерсайын Досымбетов, ҚР АШМ егіншілік департаментінің басқарма басшысы:
- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жыл сайын 150 мың гектарға дейін су үнемдеу технологияларын еңгізу міндеттері бар. Аталған көрсеткіш 25-жылы республика бойынша жалпы 153,5 мың гектарға жоғары технологиялар енгізілді. Бұл ретте аталған межеге жету үшін мемлекеттік қолдаулар көрсетілген. Ондағы жаңбырлату және тамшылатып суару технологиярын сатып алу кезінде 80 пайызға дейін субсидиялау қарастырылған. Оның 50 пайызы республикалық бюджеттен, 30 пайызы әкімдіктер 80 пайызға дейін ұлғайта алады.
Егістікке судан бөлек сапалы тұқым мен тыңайтқыш керек. Енді осы жайлы айтайық. Биыл 2,3 млн тонна тұқым дайындалды. Оның 1,6 млн тоннасына сараптама жүргізілді, оның нәтижесінде тұқымдардың 99%-ы себуге жарамды деп танылды. Ал қажетті тыңайтқыш көлемі 2,3 млн тонна. Бүгінгі күні 245 мың тоннаға келісім шарт жасалды, бұл жалпы көлемнің 10,6 пайызын ғана құрайды. Сол себепті әкімдіктер әрекетін күшейту керек.
Ерсайын Досымбетов, ҚР АШМ егіншілік департаментінің басқарма басшысы:
- Егінді егу жұмыстарына 700 млрд теңге қаржы қарастырылған, несиелендіру бойынша. Өткен жылы бұл көрсеткіш 649,3 млрд теңгені құрады. Аталған жеңілдік өткен жылы 25 жылы қазан айында басталып кеткен. Бүгінгі күні осы шаруаларға 200 млрд теңге қаржыландырылды. Аталған қаржыландыру 1900 ауыл шаруашылық сала өндірушілеріне қаржыландыру көрсетілді.
Көктемгі далалық дайындық жұмыстарына 139 мың трактор жұмылдырылады. Бұдан бөлек 5,6 мың жоғары өнімді егіс кешені, 70 мың сепкіш, 141 мың топырақ өңдеу құралы бар. Ал оған арзан әрі қолжетімді жанар-жағармай керек. Мұны мемлекет басшысы баса айтқан. Президент пәрменін орындау мақсатында биыл 402 мың тонна дизель отыны дайындалды. Литріне шаққандағы құны нарықтан 15 пайызға төмен. Агросектор автопоркін жаңарту да маңызды. Қазіргі қолданыстағы техниканың 76 пайызы тозып тұр. Олқылықтың орнын толтыру үшін мемлекеттік қолдау шараларының арқасында, шаруалар шамамен 25 мың бірлік техника сатып алып, ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту деңгейі 6,5%-ға дейін жетті.
Тегтер #егін егу #дайындық #сарапшыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz