RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстандық туристерді құрлықпен эвакуациялауы мүмкін

02.03.2026, 21:57 44

Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағында үш мыңнан астам қазақстандық турист бар. Қазақстан елшілігі кез келген уақытта отандастарымыздың құқығы мен мүддесін қорғауға дайын.

Азаматтарды эвакуациялау үшін Қазақстанда арнайы жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына құзырлы мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. Әуе қатынасының тоқтауына байланысты, Біріккен Араб Әмірлігіндегі қазақстандық туристерді Оман және Сауд Арабиясы сияқты көрші елдердің аумағымен эвакуациялау туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Рауан Жұмабек телеарнамызға берген сұхбатында айтты.

Рауан Жұмабек, Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі төтенше және өкілетті елшісі:

- Біріккен Араб Әмірліктері мен Қазақстан арасындағы әуе қатынасы ұзақ уақыт бойы қалпына келмесе, бірінші кезекте қариялар, балалар мен әйелдер және шұғыл ем-домды қажет ететін науқастар қауіпсіз жерге көшіріледі. Әлбетте жоспар сәтті жүзеге асса, ахуалдың жалғасуына қарай бұл жұмыстар уақытша болса да белгілі бір мерзімге дейін тұрақты сипатқа ие болмақ.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz