RU
Толық нұсқаға өту

Жаңа Конституция жобасы: қоғамдық бақылау

02.03.2026, 22:27 42

Жаңа Конституция жобасындағы қоғамдық бақылау институты азаматтар мен қоғамдық ұйымдарға мемлекеттік органдардың қызметін қадағалауға, бағалауға және оған ықпал етуге мүмкіндік беретін құқықтық және ұйымдастырушылық тетік саналады. 

Институттың басты мақсаты – биліктің ашықтығын қамтамасыз ету және шешімдердің әділ қабылдануына атсалысу. Осы арқылы мемлекеттік органдардың қоғам алдындағы жауапкершілігі күшейеді. Заң ғылымдарының докторы, Жанар Кегем-баеваның пікірі осындай.

Жанар Кегембаева, заң ғылымдарының докторы:
- Осындай құқықтар мемлекеттік шешімдердің сапасын арттыруға, билікке деген сенімді нығайтуға, демократиялық қағидаттарды дамытуға ықпал етеді. Сол сияқты осындай жоба бойынша бізде Конституцияда Қазақстан Халқының кеңесі деген арнайы 6-шы бөліміміз бар. Ол жерде екі бап бойынша анық айтылған. Қазақстан халық кеңесі Қазақстан республикасының азаматтарынан құралады.

Жаңа Конституция жобасы арқылы Халық кеңесі институты құрылады. Ол Қазақстан халқының ортақ мүддесін білдіретін, ең жоғары консультативтік орган болмақ. Ассамблеяның барлық инфрақұрылымы мен бірегей тәжірибесі сақталып, өз жұмысын жалғастырады. Халық кеңесі өңірлерді, азаматтық қоғамды, және этномәдени бірлестіктерді біріктіреді. Халықтың көп-этникалық үні, айқындала түседі деген сөз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz