RU
Толық нұсқаға өту

Референдумды қолдауға арналған кездесу

02.03.2026, 23:07 42

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева шығысқазақстандықтармен кездесіп, 15 наурызда өтетін Референдумды қолдауға орай ашық әңгіме өткізді. 

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының төрағасы жұртшылыққа Жаңа Ата Заң жобасының мән-мағынасын түсіндірді. Ол – Жаңа Конститутция жобасы елдің кемел келешегіне жол ашып, қоғам сұранысына жауап беретін тарихи құжат екеніне тоқталды. «Бүгін біз жаңа Конституция жобасын талқылай отырып, тек түзетулер жайында айтып отырған жоқпыз. Біріншіден, әңгіме ел дамуының бағытын түбегейлі өзгертетін ауқымды өзгерістер туралы. 

Екіншіден, тәуелсіздігімізді ең биік құндылық ретінде айқындайтын ұлттық құндылықтарымыздың мәңгілігі жайында сөз болып отыр. Енді біз оны жай ғана қастерлеп қоймай, нық әрі сенімді түрде қорғаймыз. Үшіншіден, жан-дүниесі таза, ой-өрісі жоғары, әлемдік бәсекеге қабілетті қазақстандық жаңа буын туралы айтып отырмыз. Олардың құқықтары мен бостандықтары цифрлық дәуірде ғылым, мәдениет және инновация құндылықтарымен нығая түседі. Сонымен қатар, ұлттың қазіргі жаһандық дамудағы орны мен рөлін қайта пайымдау маңызды. Бұл тағдыршешті кезең халқымыздың мыңжылдық тарихындағы сабақтастықты сақтап, жаңа дәуірге жол ашады» – деді Аида Балаева. Оның айтуынша, Жаңа Конституция жобасы Президенттің «Адал азамат», «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» сияқты тұжырымдамаларынан тұрады. Демек осы Жаңа Ата заңның  басты авторы Президент деуге негіз бар деді ол. Жиын соңында Коалиция өкілдері тұрғындарды белсенді болуға үндеп,  еліміздің басты заңының болашағы айқындалатын референдумға қатысуға шақырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz