Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері қаралды.
«Қазгидромет» ұсынған жаңа болжамдар ескерілді. Елдегі ахуал туралы Төтенше жағдайлар, Экология және табиғи ресурстар, Цифрлық даму, Су ресурстары және ирригация, сондай-ақ Көлік министрліктері баяндама жасады. Қызыл су қаупінің деңгейі жоғары өңірлер айқындалды. Бүгінде 582 су өткізу құбыры салынды. Автожолдарды реконструкциялау барысында 63 көпір тұрғызылды.
Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында, бес апатты көпірге күрделі жөндеу жүрді. Төтенше жағдайларды жою үшін 39 мыңнан астам адамды құрайтын республикалық және өңірлік күштер мен құралдар топтастырылды. Олардың қарамағында 12 мыңнан астам техника, 4 мыңнан астам су сору құралы және 700-ге жуық жүзу құралы бар. Наурыз айынан бастап Жедел штаб тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Гидрологиялық қаупі бар аумақтардың жай-күйіне, тұрақты мониторинг жасалады.
Тегтер #су тасқыны #дайындық #премьер министрPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz