RU
Толық нұсқаға өту

Жамбыл облысында 540 адам көші-қон заңнамасын бұзған

03.03.2026, 08:50 45

Жамбыл облысында жыл басынан бері 540 адам көші-қон заңнамасын бұзған. Шетелдік азаматтардың дені елге табыс табу мақсатымен келген.

Алайда бірінің жұмыс істеуге рұқсат қағазы болмаса, енді бірі елде болу мерзімін өткізіп алған. Төлқұжатын жоғалтқандар да бар. Олар аймақта құрылыс нысандарында, зауыт пен наубайханаларда жұмыс істеген. Басым көпшілігі – Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай мен Қырғызстан азаматтары. Ұсталғандарға түгел дерлік әкімшілік жаза қолданылды. Жалпы есепте 22 миллион теңгеден аса айыппұл салынып, сот шешімімен 125 шетелдік елден шығарылды. 100 жұмыс беруші жауапқа тартылды.

Нұрлан Мырзай, облыстық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бөлім бастығы:

- Шетелдіктерден Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан азаматтары бастапқыда жұмысқа, оқуға немесе басқа да мақсатта келеді. Келу барысында заңнаманы бұзады. Содан кейін ел аумағында тығылып жүреді. Сол уақытта құжатының мерзімі өтіп кетеді, не болмаса жоғалтып алғандар бар. Осылардың барлығына құжат жасап, әкімшілік жауапкершілікке тартып еліне қайтарылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz