Жасампаздыққа жетелеген жеті жыл. Осындай атаумен бүгін «Егемен Қазақстан» газетінде Олжас Бектеновтың мақаласы жарық көрді.
Онда Қасым-Жомарт Тоқаев тұтас ұлт тағдырын мойнына алған жеті жылда Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси даму моделінде жүйелі өзгерістер болғаны айтылған. Бұл кезең жаһандық пандемия, әлемдік экономиканың баяулауы, инфляция мен логистикалық сын-тегеуріндер, геосаяси тұрақсыздық сынды күрделі ахуалмен тұспа-тұс келді. Үкімет басшысы мемлекеттің ұзақмерзімді орнықтылығын нығайтуды мақсат еткен ауқымды реформалар жүзеге асырылғанын айтты. Сонымен қатар жалаң ұран мен популизмге жол берілмей, негізгі басымдық халықтың әл-ауқатын жақсартуға, экономикалық және саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталғаны жазылған.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Олжас Бектенов #егемен қазақстан #мақалаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz