Жаңа Конституция жобасы – жүйелі өзгерістердің бастауы. Ата Заңдағы толықтыруларға қатысты жастар осындай пікір білдіруде.
Әсіресе олар цифрлық технология заманында жеке деректерді қорғау мен электрондық ақпарат алмасудың қауіпсіздігін қорғайтын баптардың маңыздылығына мән беруде. Өйткені мұның бәрі енді конституциялық деңгейде бекітіледі. Сондай-ақ еліміздің ең басты құжатында Ұлы даланың бай мұрасы, мемлекеттік тілдің рөлі де тайға таңба басқандай айқын көрініс тапқан.
Сауалнама:
- «Ұлы даланың тарихи мұрасын сақтай отырып, унитарлық құрылым мен аумақтық тұтастықты сақтау еліміздің тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің кепілі болып отыр. Сондықтан жастар тарапы Конституциядағы бұл норманың, яғни қағиданың нақты бекітілуін қолдаймыз».
- «Жаңа Конституция жобасында қазақ тілінің мәртебесі нақты, әрі айқын көрсетілген. Менің ойымша, бұл өте маңызды. Бұл жерде қазақ тілі тек атау ретінде емес, оны дамыту және қолдау мемлекеттің нақты бір міндеті болып көзделеді».
- «Қазіргі біздің барлық деректеріміз барлығы онлайн форматта. Одан бөлек мемлекеттік қызметтер, банк операциялары онлайн болып келеді. Оған байланысты азаматтық жеке ақпаратты қорғау болып келеді. Сондықтан менің ойымша бұл норма заманауи болып табылады».
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #референдум 2026 #сауалнамаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz