Былтыр бір ғана Алматының өзінде курьерлердің қатысуымен 10 мыңға жуық құқық бұзушылық тіркелген.
Шабарманға шағым көбейгенін полиция департаменті растап отыр. Жол қозғалысы ережесін бұзғаннан бөлек кейбірінің есірткі қылмысына қатысы барлары анықталған. Жалпы жеткізу қызметіне кімдер, қалай жұмысқа тұрады? Олардың барлығы бірдей заңға бағына ма?
Бақыт Топтаева, тілші:
- Курьерлік жеткізу қызметіне жас та, кәрі де бірде араласады. Бүгін міне осындай арнайы сұхбатты ұйымдастырмаққа арнайы курьер шақыртқан едік. Дәл алдымызға 13 жастағы бала келген екен. Есімі оның Бағлан, түрін қауіпсіздік мақсатында көрсетпейміз.
Бағлан, курьер:
- Бағлан, осы курьерлік қызметке қашаннан бері араласып жүрсің?
Бағлан: Мен осы курьерлік қызметте 5-6 ай жұмыс істеп жүрмін.
Бақыт: Ата-анаң біле ме?
Бағлан: Ата-анам біледі иә, олардың рұқсатымен істеп жүрмін.
- Сонда қосымшаға қалай тіркелдің ата-анаңның атынан ба, жоқ өз атыңнан тіркелдің бе? - Бағлан: Маманың аккаутынан тіркелдім.
Жеткіншек жаяу жүріп, тамақ, оны-мұны ұсақ заттарды тасиды. 6-7 сағаттай үйден алыс емес аудандарда ғана қызмет көрсетеді. Оның өзінде сабаққа кедергі келтірмес үшін тек сенбі-жексенбі күндері курерьлікке шығамын дейді.
- Бірақ бүгін дүйсенбі ғой? – Не, мамама, қарындасыма 8 мартқа подарок жинап жатыр едім.
Ақшаның қадірін жастайынан түсінгені жақсы ғой. Тек ата-анасының аккаунты арқылы тіркеліп, жұмыс істейтіні көңілге кірбің келтіреді. Себебі, біріншіден, бұл заңсыз. Екіншіден, қауіп те аз емес. Өйткені, курьерлер екіарада не нәрсені тасығынан хабарсыз. Ішкі істер министрлігінен хабарлағандай, кейде олардың есірткі тасымалына қатысы болуы мүмкін. Мәселен, Ұлытау облысында қылмыс үстінен түскен ерлі-зайыпты жұп ұсталды.
Бақытжан Әмірханов, ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы:
- Оларға Алматы қаласынан Индрайвер арқылы жаңағы су насосын беріп жіберген. Жедел іздестіру барысында оның ішінен есірткі табылды. Екеуі де қамаққа алынды, мысалы. Ол таксист білмеген индрайвердегі, ну, насос – насос. Осындай мекен-жайға жеткізесіз деді. Ақшасын төледі. Егер де тамақ тасымалдаушы, болмаса басқа курьерлар есірткі емес екенін білмесе, уақытында ұсталған кезде дер кезінде полицияға хабарласа, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.
Егер курьерлер біле тұра есірткі тасымалымен айналысса – онда 12 жылға дейін бас бостандығына айырылуы мүмкін. Жалпы, курьерлік қызмет – оңай жұмыс емес. Алматы мен Астанадағылар күніне 20-30 тапсырыс қабылдаса, айына табан тоздырып 500 мыңдай табуы мүмкін.
Захар Маркелов, курьер:
- Астанада өте суық. Өткен аптада қақаған аяз болды. Бір күні екі тапсырысқа шығып едім, аяқ-қолым қатып қалды. Арасында қиын клиентке тап боласың. Шайақыны аз береді. Кейде клиенттер жеткізуді есікке дейін емес, үйдің кіреберісіне дейін ғана қояды. Ақылы күтуді қоссам – «неменеге қосасың» деп ызаланады. Ондайда далада суықта тұрғаным үшін қосамын деп түсіндіремін.
Алматы
Көлігі мен мопеді бар курьерлер жылдамырақ болғандықтан, көбірек тапсырыс алып, сәйкесінше көбірек ақша табады. Тапсырысқа асығамын деп, жол қозғалыс ережесін бұзатындар аз емес. Әсіресе, Алматыда мұндай деректер жиі тіркеледі.
Айдын Меркімбаев, қалалық ПД профилактика және үйлестіру бөлімінің өкілі:
- Қала тұрғындарының қауіпсіздігі сол себепті біздің тарапымыздан, рейдтік шаралар жүргізетін болады. Және әр курьердың өз аккаунтын үшінші азаматтарға ұсынбауы және шетел азаматтарының қолданбауы. Жұмысқа тартылмауы да қарастырылып жатыр. Жиырма бесінші жылдың қорытындысы бойынша 10 мыңға жуық құқық бұзушылық айқындалды. Оның көбісі жол жүру ережесіне байланысты.
Курьерлердің киберқылмыс пен есірткі тасымалына қатысы өз алдына, тұрғындардың жеке қауіпсіздігіне қатер төндіретін жайттар да кездеседі. Осыдан бірер апта бұрын, алматылық қыз үйіне келген курьердің тиіскенін айтып, әлеуметтік желіде жариялаған еді. Алматы полициясы осы ретте курьерлерге биометриялық растауды енгізу бастамасын көтерген. Елдегі танымал такси агрегатының біріне хабарласып, бастамаға қатысты пікірін сұраған едік. Алған жауабымыз мынадай.
ЦИТАТА: Аида Найзабекова, такси агрегатының коммуникациялар жөніндегі аймақтық менеджері
Қазір командамыз өкілетті органдармен байланыста. Әрине бұл мәселе назарымыздан шет қалмақ емес. Біз қазір платформаның дайындығын, биометрикалық сәйкестендіру технологиясымен үйлесімділігін тексеріп жатырмыз. Негізі біз үшін бұл жаңалық емес. Клиенттер мен курьерлердің қауіпсіздігін барынша сақтау мақсатында қолдан келгенінің бәрін жасаймыз.
Еуропада курьерлік қызметке тұру үшін азаматтың барлық құжатын, жұмыс істеу рұқсатын, істі болмағанын растайтын анықтама тапсыру қажет. Ал біздің елде жұмысқа орналасудың шарттары оңай. Қазақстан азаматтығын не қандас мәртебесін растайтын құжат, жеке сәйкестендіру нөмірі, фотосуреті, көлік жүргізушісінің куәлігі болса болғаны. Өзге аккаунт атынан қызмет көрсетуге тыйым іске аспайтынын сюжет барысында анық көзіміз жетті.
Бақыт Топтаева, Асхат Қарақойшиев, Ернұр Рысбай, Радик Жакупов
Тегтер #курьер #жеткізу қызметі #24KZ #жасөспірім #аккаунтPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz