RU
Толық нұсқаға өту

Еліміздегі курьер саны

03.03.2026, 16:25 40

Жеткізу қызметінің Алматы мен Астана қаласында айрықша дамығанын атап өттік.

Енді бұл салада еңбек етіп, нәпақасын тауып жүргендерге тоқталсақ. 2025 жылдың қорытындысы бойынша бас шаһарда 11 млрд теңгенің курьерлік қызметі көрсетілген. Ұлттық статистика бюросының осы бір мәліметіне сүйенген сарапшылар, тәулігіне 12-17 мың жеткізу қызметі ұсынылғанын айтады. Демек, күн сайын 3-6 мыңдай курьер жұмысқа шығады. Астанадағы жеткізушілердің жалпы саны 15 мыңнан 25 мыңға дейін жетіп қалуы мүмкін. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша Алматыда 51 млрд теңгенің жеткізу қызметі көрсетіліпті. Бұл  оңтүстіктегі мегаполисте күніне 12 мыңнан 20 мыңға дейін курьер желіге шығады деген сөз. Алматыда тіркелген курьерлердің ұзын саны 60 мың мен 80 мыңның аралығында болуы мүмкін. 

АСТАНАДАҒЫ ЖЕТКІЗУ ҚЫЗМЕТІ / 2025 жыл

Көрсетілген қызмет құны: 11 млрд теңге

Бір тәулікте қызмет көрсетеді: 3-6 мың курьер

Ұзын саны: 15-25 мың курьер

АЛМАТЫДАҒЫ ЖЕТКІЗУ ҚЫЗМЕТІ / 2025 жыл

Көрсетілген қызмет құны: 51 млрд теңге

Бір тәулікте қызмет көрсетеді: 12-20 мың курьер

Ұзын саны: 60-80 мың курьер

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz