RU
Толық нұсқаға өту

Елдегі курьерлік қызметтің дамуы

03.03.2026, 16:39 43

Қазақстанда дайын тамақ жеткізу саласы қарқынды дамып келеді.

Айта кетерлігі, 2018 жылдан бері бұл қызмет түрі үздіксіз өсім көрсетуде. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтырғы қарашада дайын тағам жеткізетін 11 мың 300 кәсіпкерлік нысан тіркелген. Бір жылда бұл көрскеткіш 60 пайызға ұлғайған. Әсіресе, дайын тағам жеткізумен айналысатын компаниялар Астана мен Алматы қалаларында шоғырланған. Яғни, ел бойынша мұндай мекемелердің 40 пайызы осы екі шаһарға тиесілі. Сонымен қатар мейрамханалар және азық-түлікті жеткізу қызметінде де өсім байқалады. Соңғы бір жылда бұл саладағы кәсіпкерлік нысандарының саны 18 мың 800-ге жетіп, 18 пайызға артқан. 

Дайын тағам жеткізетін компания саны

2025 жыл

Барлық саны: 11  300 /+60% 

Алматы мен Астанада: 4  400

Мейрамханалар және азық-түлікті жеткізу 

2025 жыл

Барлық саны: 18  800 /+17,8%

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz