RU
Толық нұсқаға өту

Щучинскідегі жарылыстан қаза тапқан адам саны 9-ға жетті

03.03.2026, 17:19 49

Щучинск қаласында жарылыстан зардап шеккен тағы екі адам қайтыс болды.

Оның бірі 45 жастағы әйел адам. Ол дәмхана әкімшісі болып жұмыс істеген. Марқұмның денесін 85 пайыз күйік шалған. Көз жұмған екінші ер адам 46 жаста. Ол дәмханаға тамақтануға келіпті. Екеуі де Бурабай аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жан тапсырды. Осылайша жойқын жарылыстан қаза тапқандар саны 9 адамға жетті. Зардап шеккен қалған 11 науқас жансақтау бөлімінде жатыр.

Нариман Ермек, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Қазіргі уақытта 11 науқастың бесеуі Астанада, төртеуі Көкшетауда, екеуі Бурабайдағы ауруханада жатыр. Жағдайылары ауыр. Өйткені денелерінің басым бөлігін күйік шалған. Дәрігерлер қажетті ем-дом шараларын көрсетіп жатыр. Ал 8 адам амбулаториялық ем қабылауда.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz