Қазақстан қазіргі геосаяси жағдайда тәуелсіздікті нығайтуға және ел дамуының жаңа кезеңіне аяқ басты.
15 наурызда өтетін референдум жайында неміс сарапшылары осылай деп пікір білдірді. Қазақстанның Берлиндегі Елшілігінде еліміздегі конституциялық-құқықтық жүйесін жаңғырту тақырыбына арналған жиын өтті. Оған мемлекеттік орган өкілдері, сарапшылар мен журналистер қатысты. Олар маңызды реформаларды талқылау ісіне азаматтардың белсенді араласуына оң баға берді. Референдум демократиялық институттарды нығайтып, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және қарқынды дамуына ықпал ететінін атап өтті.
Тило Клиннер, ГФР Қазақстандағы бұрынғы елшісі:
- Менің ойымша, жаңа Конституция жобасының негізгі тұстарының бірі –парламенттік бақылауды күшейту. Кеңейтілген құқықтары бар бір палаталы жүйеге көшу Үкіметтің және басқа институттардың шешімдерін Парламент растайтынын білдіреді.
Ханс-Фридрих Фон Плётц, Германия Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы статс-хатшысы:
- Жаңа Конституция жобасына тұрғындар белсене атсалысты. Құжатты әзірлеу процесіне азаматтарды тарту өте маңызды. Бұған көптеген жастың қатысқаны мені қуантады. Олар үшін бұл өз елінің дамуына атсалысуға жақсы мүмкіндік.
Тегтер #Жаңа Конституция #референдум 2026 #Берлин #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz