Республикалық референдумды қадағалайтын 18 мыңнан астам байқаушы даярлықтан өтті. Олардың 80%-ының жоғары білімі бар.
70 пайызға жуығы кемі үш жыл сайлау мен референдумдарда жұмыс істеп көрген. Бұл туралы «ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясының төрағасы Төлеген Күнәділов мәлімдеді. Оның айтуынша, дауыс беру науқанын қадағалауға заңгерлер, оқытушылар, дәрігерлер және кәсіпкерлер атсалысады. Байқаушыларды іріктеу және оқыту барысында бейтараптық қағидатын сақтау мен учаскедегі әдеп нормаларын қатаң ұстану басты назарға алынған. Оқыту бағдарламасында дауыс беру күнінің модельдік сценарийі құрылып, есептік құжаттарды рәсімдеу тәртібі қамтылған. Сондай-ақ 15 наурызда Республикалық ахуалдық орталық өз жұмысын бастайды. Ол дауыс санау аяқталғанға дейін тәулік бойы жұмыс істейді. Оның құрамында сарапшылар, жедел желі операторлары және жедел әрекет ету тобы бар.
Төлеген Күнәділов, «ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясының төрағасы:
- Байқаушы ретінде жұмыс істеу таңғы сағат 06:00-ден бастап қиын үрдіс екенін түсінеміз. Сондықтан да осы науқандарға нақты байқаушы ретінде құқықтары мен міндеттерін жақсы түсінетін, сезінетін тәжірибелі, жауапкершілігі мол адамдарға жүгінеміз. Оларды халықаралық стандартарға сай оқытуды жүргіземіз.
Тегтер #референдум 2026 #байқаушы #даярлық #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz