Мемлекет басшысының Жарлығымен аудандық және оларға теңестірілген соттардың 128 судьясы тағайындалды.
Оған қоса Астана, Алматы қалалары мен Жамбыл облыстық сотының төрағалары таңдалды. Осылайша, көптен күрмеулі мәселеге айналған кадр тапшылығы шешілді, - дейді мамандар. Кейінгі бес жыл бойы бос тұрған 68 лауазым алғаш рет толтырылды. Жоғары Сот Кеңесі бұл бағытта кешенді жұмыс істеді. Атап айтқанда, заңгерлік қоғамдастықпен ауқымды жұмыс жүргізіліп, оған 13 мыңнан астам азамат қатысқан. Бұл үміткерлер шеңберін кеңейтіп, конкурсқа қатысу бәсекелестігін арттырды.
Салтанат Жүніспекова, ҚР Жоғары сот кеңесінің мүшесі:
- Осы Жарлықтың қабылдануымен соңғы бес жыл бойы сақталып келген 350-ден астам судьялық лауазымдардың тұрақты бос болу үрдісі тоқтатылды. Кадр тапшылығы әсіресе бірінші сатыдағы соттарда айқын байқалған болатын. Нәтижесінде бос судья лауазымдарының саны 230-ға дейін қысқартылды. Сонымен қатар аталған Жарлықпен заңда көзделген негіздер бойынша 31 судья қызметтен босатылды. Бұл, кадрлардың табиғи қысқаруына қарамастан, бос жұмыс орындарының жалпы санын азайтуға қол жеткізілгенін көрсетеді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #аудандық соттар #Жоғарғы Сот #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz