RU
Толық нұсқаға өту

IT-Аiel және АqylТech жобалары іске қосылды

04.03.2026, 17:40 39

Былтыр елде  Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен IT-Aiel және AqylTech жобалары іске қосылды.

Бастама қаржылық және цифрлық сауаттылықты арттыруға бағытталған. Бұл туралы жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы мәлімдеді. Қайрат Қамбаров жоба қарқынды даму кезеңінен өтті және нақты нәтижелер көрсеткенін атап өтті. Онлайн және офлайн форматта өткен оқыту аясында 11 мыңнан астам қатысушы қамтылды. Осы бағыттағы ағартушылық жұмыстың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін 157 тренерге арнайы оқыту ұйымдастырылды. Сондай-ақ елд әйелдердің цифрлық құзыреттерін арттыруға бағытталған бірқатар жобалар іске аспақ.

Гүлмира Қанай, NU вице-президенті:

- Ұлттық комиссия аясында әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту бойынша бірлескен жұмыс жолға қойылды. 2025 жылы 545 әйел оқытудан өтті: 21 – «Тиімді корпоративтік басқару» бағдарламасы, 47 әйел Жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы JanAru модульдік бағдарламасы, 60 – «AI Development Day: мүмкіндіктер мен тәуекелдердің шекарасы» бағдарламасы, 417 – генеративті жасанды интеллект модельдерімен өзара іс-қимыл дағдылары бойынша оқытылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz