Алдағы референдум аясында депутаттар мен қоғам белсенділері халықпен кездесіп, жаңа Ата заң жобасына қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жалпыұлттық коалиция мүшелері құжат жобасын Астанадағы құрылысшылармен және спортшылармен бірге талқылады. Депутаттар жаңа Конституция жобасы Қазақстанның құқықтық жүйесін жаңа деңгейге көтеретініне тоқталып, еңбек ұжымының сауалдарына жауап берді.
Мәжіліс депуттары мен қоғам белсенділері елордадағы құрылысшылармен және спортшылармен кездесіп, Ата заңға енгізілетін өзгерістерді талқылады. Халықтың көкейіндегі сұрақтарға жауап беріп, жаңа баптарға қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу осы жылы ашылатын Ұлттық спорт университеті алаңында өтті.
Дінмұхамед Алтынбекұлы, инженер:
- Мен жаңа Конституцияны қолдаймын. Неге десеңіз, өйткені үлкен жұмыс жасалды. Көріп тұрғандай, біздің депутаттар тәжірибесі көп екені көрініп тұр. Соның арқасында менің ойымша, жаңа Конституция біздің өмірімізді жақсартады. Көптеген салаларға өзгерістерге алып келеді.
Жаңа конституция жобасы - әр азамат үшін маңызды құжат. «Осындай тарихи кезеңде тұрғындардың саяси науқанға белсенді атсалысуы, олардың болашаққа бей-жай қараймытынын көсетеді», - дейді қоғамдық кеңес өкілдері.
Назгүл Мағжан, Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі:
- Әр қазақстандық Конституцияның тым болмаса жобасын ашып, қарап, өзіне тиесілі, өзіне қатысты сұрақтарды жүйелі түрде талқылауға атсалысып жатқаны қуантады. Бұл дегеніміз бей-жай қарамай, елінің болашағына деген ұрпақтарының өмірлеріне, тағдырына деген жанашырлығы деп білемін.
«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» атты жалпыұлттық коалиция мүшелері 13 наурызға дейін еңбек ұжымдарымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жалғастырады.
Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Қанат Махмұтов
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #референдум 2026 #конституция #жарнамаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz