RU
Толық нұсқаға өту

Елордалық ұстаз әліппедегі әріпті сөйлетіп жүр

04.03.2026, 18:20 43

Елордалық ұстаз бірінші сынып оқушыларына әріпті «сөйлетіп» оқытады.

Ол түрлі ақылды қосымшаларды пайдаланып, балалардың сабаққа қызығушылығын арттырады. Қазіргі оқушылар әліппеден бұрын смартфонға үйренгендіктен, ұстаздан гөрі экрандағы кейіпкерлер мен жанды бейнелерді тез қабылдайды. Сол себепті әріптерді «жанды» түрде көрсететін технология материалды тез меңгеруге көмектеседі.

Анар Нұрбекқызының ұстаздық еткеніне үш жыл. Жас маманның айтуынша, қазіргі оқушылардың назарын аудару оңай емес. Сондықтан ол сабақ барысында заман талабына сай түрлі цифрлық технологияларды қолданады. Егер балаға сабақ қызық болмаса, ол мұғалімді де тыңдамайды. Сол себепті ол әр сабағын тартымды өткізуге тырысады. Түрлі ойындар ұйымдастырып, зертханалық жұмыстар жүргізеді. Мұның бәрі оқушылардың белсенділігін арттырып, білімді жеңіл қабылдауына көмектеседі.

Анар Нұрбекқызы, Астана қаласы №109 жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі:

- Балалар тез қабылдайы. Сөйлейтін әріптер болса балалар тез қабылдап және бәрі соған қарап әріптерді бірге қайталап айтады. Негізінде қазіргі Альфа ұрпағы телефонды әліппеден бұрын таныған ұрпақ. Сол себепті қызығушылығы көбінесе телефондағы сөйлейтін, қимылдайтын заттарға ауады.

«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»  демекші, бұл сыныпта озат оқушылар аз емес. Оқушылардың айтуынша, олардың сабаққа деген ынтасы жоғары. Жаңа тәсілмен өтетін сабақтар қызықты болғандықтан, әр тақырыпты тез меңгеруге талпынады.

Айлин Тасболат, оқушы:                        

- Маған әліппе сабағы ұнайды. Мен әріптерді үйреніп жатырмын.

Хамза Бекболат, оқушы:

- Әріптерді жаттауға үйретеді. Сөйлемдерді сөйлетеді. Маған бұл сабақ қатты ұнайды. Мен сабақты жақсы оқимын.

- Саған Анар апайдың сабағы ұнай ма?

Әміре ⁠Ерболұлы, оқушы:

- Ұнайды, жақсы түсіндіреді. Жақсы береді.

Жас мұғалімдер үшін жасанды интеллектіні меңгеру - кәсіби дамуларына зор септігін тигізеді. Ақылды технологияларды игерген мұғалім - бәсекеге қабілетті болмақ. Білім ордасының басшысы атап өткендей, ұстаз тек білім беруші ғана емес, сонымен қатар бағыттаушы, ментор және сыни ойлауды дамытушы болып табылады.

Жанар Ермұхамбетова,  Астана қаласы №109 жалпы орта білім беру мектебінің директоры:

- Бізде қазіргі таңда 106 педагог бар, оның 90-ға жуығы курстан өткен. Үнемі әдістемелік тұрғыда сабағында қолданып отырған 20 шақты ұстаздар бар. Ал сабақта кейбір кезде қолданатын ұстаздар бар, 30-40 тың шамасында.

Білім – ешқашан жоғалмайтын инвестиция, ал оны дамытатын – ұстаз. Заман талабына сай дамып жүрген мұғалім әрқашан құрметке ие болып, өзгеге үлгі болады. Анар Нұрбекқызы сияқты ұстаздар елімізде аз емес. Бүгін біз тек бір мұғалімді ғана мысал етіп алдық, бірақ біліктілігі мен білімін ұштастырып жұмыс істеп жүрген мамандар аз емес.

Авторлары: Асылжан Құрманғали, Самат Қазанбаев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz