RU
Толық нұсқаға өту

Астанада Еуразиялық арбитраж апталығы басталды

04.03.2026, 19:30 37

Түрлі елдерден келген 60 университет командасы сот процестерінің модельдік тыңдауларына қатысады.

Жиын халықаралық арбитраж орталығының басшысы Томас Крюммельдің төрағалығымен өтеді. Жарыстардан бөлек, қатысушылар үшін панельдік сессиялар мен тренингтер ұйымдастырылады. Онда студенттер көпшілік алдында сөз сөйлеу машықтарын жетілдіреді. Сарапшылар аргументтерді нақты әрі қысқа түрде ұсыну жолдарын түсіндіреді. Сонымен қатар қатысушыларға жауап алу техникасы туралы дәріс оқылады. Болашақта бұл дағдылар жастардың кәсіби қызметін сәтті бастауына көмектеседі.

Кристофер Кэмпбелл-Холт, «Астана» ХҚО соты мен ХТО тіркеушісі және аппарат басшысы:

- Астанадағы 8 жылдық жұмысымыздың аясында алғаш рет Қазақстан мен бүкіл Еуразия өңірінің жастарына бағытталған осындай іс-шараны бастап отырмыз. Осы аптада бізді 4 негізгі оқиға мен жаңа мүмкіндіктерге толы мазмұнды бағдарлама күтіп тұр. Бүгін біз әлемнің түкпір-түкпірінен – АҚШ-тан, Ұлыбританиядан, Еуропа елдерінен, Қытайдан, сондай-ақ Еуразия мен жалпы Азия елдерінен жетекші арбитрлерді шақырдық. Біздің мақсатымыз – дауларды шешу саласындағы ең үздік әлемдік тәжірибелерді, ең жоғары халықаралық стандарттарға сай келетін қағидаларды Қазақстан жастарына таныстыру.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz