RU
Толық нұсқаға өту

Қонаевта референдум комиссиясы мүшелерімен кеңес өтті

04.03.2026, 19:50 37

Орталық референдум комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров Қонаевта маңызды саяси науқанды өткізуге жауапты мекемелер басшыларымен және аумақтық референдум комиссиясы мүшелерімен кеңес өткізді.

Сайлау процесін ұйымдастыру, учаскенің дауыс беруге дайындығы, сайлаушыларға жасалған жағдайлар, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы шектеулі азаматтар үшін қарастырылған мүмкіндіктер жан-жақты талқыланды. Халықты ақпараттандыру тәртібі мен референдумға қатысуға арналған шақыруларды тарату мәселелері де пысықталды. Орталық референдум комиссиясының Төрағасы кеңес жұмысы аяқталған соң Қонаев қаласындағы учаскелерді аралап көрді. Алматы облысы бойынша республикалық референдумға 694 комиссия жұмылдырылады. Соның 12-сі аумақтық, қалғаны учаскелік. Олардың құрамында 4 мың 800-ден аса комиссия мүшесі бар. Алматы облысы бойынша 1 млн 30 мыңға жуық тұрғын референдумда дауыс беру құқығына ие.

Нұрлан Әбдіров, ҚР ОРК төрағасы:

- Бізде әрбір учаскеде қазір тізімдер бар. Республика бойынша барлық 10 411 комиссия учаскелік өз жұмысын бастап кетті. Сол себепті дауыс беретін біздің ҚР азаматтары мен азаматшалары сол учаскеде бар ма, жоқ па соны анықтау керек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz