RU
Толық нұсқаға өту

«Тұран» газ жылу станциясының ұжымы жаңа Конституция жобасын талқылады

04.03.2026, 20:00 33

Елордадағы «Тұран» газ жылу станциясының ұжымы жаңа Конституция жобасын талқылады.

Қаланы жылумен қамтамасыз етіп отырған стратегиялық нысан қызметкерлері референдум қарсаңында салалық сарапшылармен кездесті. Астананың жылу жүйесінің негізгі күретамыры – «Тұран» станциясында референдумның маңызы талқыланды. Стратегиялық нысанға арнайы келген республикалық штаб мүшелері еңбек ұжымымен кездесіп, жаңа Ата заң жобасын түсіндірді. Кездесуде өзгерістердің қарапайым жұмысшы құқығын қорғауға бағытталғаны айтылды.

Ғабит Тәжімұратов, Астана қаласы Мәслихатының депутаты:

- Қалада мұндай станцияның үшеуі бар. Үшіншісі салынып жатыр. Халықпен кездескенде жаңа заңның бізге керек екенін түсінеді. Ондағы елімізде жасалып жатқан ережелерді түсініп жатыр. 200-дей адам келді, жалпы күніне мыңға жуық адам келеді. 300-ге жуық спикер бар, олар әр саланың мамандары.

«Тұран» - экологиялық таза отынмен, яғни газбен жұмыс істейтін заманауи станция. Сондықтан кездесуде экологиялық нормалар мен қауіпсіздік техникасы мәселелері де сөз болды. Ашық диалог форматында өткен жиында қызметкерлер жалақы, медициналық сақтандыру және кәсіподақ жұмысына қатысты сұрақтарын қойды.

Малдыбай Досымов, «Тұран» газ жылу станциясының маманы:

- Бүгін бізге жаңа Конституция жобасы туралы кеңінен түсіндірді. Енгізілетін жаңа нормалар мен Ата заңның тараулары нақты әрі түсінікті баяндалды. Отбасы мәселесі, құрылыс саласы, сондай-ақ әр азаматтың құқықтары туралы ережелердің заң жүзінде бекітілгені айтылды. Жаңа Конституция жобасы болашақ ұрпақ үшін анағұрлым қолайлы әрі маңызды құжат екеніне көз жеткіздім. Менің ойымша, бұл – дұрыс әрі уақыт талабына сай қабылданған шешім. Сондықтан дауыс беруге міндетті түрде барамын.

Жиын соңында штаб мүшелері алдағы саяси науқанның маңыздылығына тоқталды. Олар тұрғындарды референдумға қатысуға шақырды.

Авторлары: Наргиз Бекмағанбетова, Досбол Байділдин, Саят Башимов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz