RU
Толық нұсқаға өту

Ақтөбеде пауэрбанк жарылып, үй өртенді

04.03.2026, 20:20 42

Ақтөбеде бір отбасы пауэрбанк кесірінен жалғыз баспанасынан айырылды. Шкафта жатқан қуаттағыш құрылғы кенет жарылып, үйде өрт шыққан.

Төрт адамнан тұратын отбасы жалын шарпыған үйден сыртқа шығып үлгерді. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жедел жетіп, тілсіз жауды толық сөндірді. Тимур Майрумбаев бұл үйді өз қолымен тұрғызған. Баспанада әкесі және екі баласымен тұрған. Қазір өрттен кейін үйдің тек қабырғалары қалған.

Тимур Майрумбаев, қала тұрғыны:

- Өрт шкафтан басталды. Жалын бірден төбеге кетті. Пауэрбанктен шықты. Басқа нақты себеп жоқ деп ойлаймын. Себебі шкафтың ішінде басқа өртенетін зат болған жоқ. Үйде өрт сөндіретін құрылғы болғаны жөн. Ол болғанда мүмкін жағдайымыз қазіргідей болмас еді. Өртті сөндіріп үлгеретін едік.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz