RU
Толық нұсқаға өту

Елордада көшбасшы әйелдердің кездесуі өтті

04.03.2026, 21:40 45

Елордада «Әйел әлемі – ел тағдырына жауапкершілік» ұранымен көшбасшы әйелдердің кездесуі өтті.

Іс-шарада Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов және Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сөз сөйледі. Келелі кеңеске елдің әр аймағынан келген мыңға тарта қыз-келіншек қатысты. Олардың сапында білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, ғылым, әлеуметтік салалар және азаматтық сектордың өкілдері бар. Іс-шара аясында жаңа Конституцияны қабылдау бойынша 15 наурызда өтетін референдум талқыланды. Алқали жиында сөз алған Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев гендерлік саясатқа ерекше мән беретінін атап өтті. Президенттің әйелдер қауымының жұмысқа өте ұқыпты, әр іске тиянақты, жауапкершілікпен қарайды, - деген сөзін еске салды. Сондықтан оларға ең сезімтал әрі әлеуметтік маңызы жоғары салалар тапсырылады.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Президент бірнеше рет атап өткендей, әр адам білім алуға, өзін дамытуға талпынуға тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы өмірлік көзқарасы жаңа Конституцияның идеологиясымен үндеседі. Онда еліміздің білімді және прогрессивті қоғамға қарай даму жолы айқындалған. Оның басты байлығы – адам капиталы және жастардың терең білімі. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл біздің балаларымыз бен немерелеріміз білімнің терең құндылығын түсініп, ғылымға, мәдениетке ұмтылады деген сөз. Бәлкім, бұл – Президенттің ең асыл арманы, енді Конституцияның өзегіне айналады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz