Қазақстандықтардың 70 пайыздан астамы жаңа Конституция бойынша референдумға қатысуға ниетті.
Және олардың 90 пайызға жуығы жаңа Конституция жобасын қолдайды. Мұны Қазақстандық қоғамдық даму институтының телефон арқылы жүргізген сауалнамасы анықтады. Ел көлемінде жүргізілген сауалнамаға мыңнан астам адам қатысты.
Халықтың көпшілігі алдағы референдумда Жаңа Конституция жобасын қолдауға дайын. Қазақстандық қоғамдық даму институты телефон арқылы жүргізген сауалнамаға еліміздің барлық өңірінен жасы 18-ден асқан 1200 респондент қатысты. “Референдумға қатысуды жоспарлап отырсыз ба?” деген сұраққа отандастарымыздың басым бөлігі, яғни 72,8 пайызы бұл әркімнің азаматтық парызы деп жауап берген. Респонденттердің 17,9 пайызы әлі нақты шешім қабылдамағанын айтты. Ал 9,3 пайызы референдумға қатысуды жоспарлап отырған жоқ.
РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСАСЫЗ БА?
ҚАТЫСАМЫН – 72,8%
НАҚТЫ ШЕШІМ ЖОҚ – 17,9%
ҚАТЫСПАЙМЫН – 9,3%
ЦИТАТА
Жоғары әлеуетті электоралдық белсенділік Түркістан (82,7%), Батыс Қазақстан (78,6%), Қарағанды (78,1%), Қызылорда (76,1%), Жамбыл (75,0%) және Солтүстік Қазақстан облыстарында (75,0%) байқалды. Сауалнама нәтижесіне сәйкес, референдумға қатысуға ең жоғары дайындықты жастар (82,2%) мен 29-45 жас аралығындағы азаматтар (76,3%), сондай-ақ жоғары білімді (74,4%) және жалпы орта білімді (75,0%) респонденттер көрсетті.
Қазақстандық қоғамдық даму институты
Сауалнамаға қатысушылардың 89,2% пайызы Жаңа Конституция жобасын қолдайтынын білдірді. Оның ішінде, 52,8 пайызы жобаны толықтай қолдайтынын, ал 36,4 пайызы жобаны қолдауға бейім екенін жеткізді. Сонымен қатар түрлі себептермен Конституция жобасын қолдамайтындар немесе әлі де нақты шешім қабылдамағандар бар. Олардың үлесі 11 пайызға жуықтайды.
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ҚОЛДАЙСЫЗ БА?
ҚОЛДАЙДЫ – 89,2%
ТОЛЫҚ ҚОЛДАЙДЫ – 52,8%
ҚОЛДАУҒА БЕЙІМ – 36,4%
ҚОЛДАМАЙДЫ/НАҚТЫ ШЕШІМІ ЖОҚ – 10,8%
Дегенмен, референдум туралы естімегендер де бар. Мәселен, респонденттердің 81,8 пайызы референдум өтетінінен хабардар болса, олардың 33,7 пайызы бұл жайында жақсы біледі. Ал мүлдем хабары жоқтар 17 пайыздан асады.
РЕФЕРЕНДУМ ТУРАЛЫ БІЛЕСІЗ БЕ?
ХАБАРЫ БАР – 81,8%
ЖАҚСЫ БІЛЕДІ – 33,7%
ЕШТЕҢЕ БІЛМЕЙДІ – 17,1%
ЦИТАТА
Жаңа Конституция жобасы бойынша референдум өткізу туралы хабардарлық деңгейі респонденттердің білім деңгейімен де байланысты. Азаматтардың білім деңгейі жоғары болған сайын, хабардар болудың жалпы көрсеткіші де артады. Мысалы, жоғары білімі бар сауалнамаға қатысқандардың 86,7%-ы қандай да бір дәрежеде референдум өткізу туралы естіген болса, орта арнайы, кәсіптік білімі бар сауалнамаға қатысқандардың 74,3%-ы хабардар.
Қазақстандық қоғамдық даму институты
Референдум туралы жастар жақсы хабардар. Сауалнамаға қатысқандардың 50 пайызға жуығы алдағы маңызды шара жайлы жетік білетінін жеткізді. Және басым бөлігі ақпаратты әлеуметтік желіден алатынын атап өткен.
Нұрқанат Қанапия
Тегтер #конституциялық реформа #халық #референдум 2026 #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz