Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді тоқтату мерзімін 10 наурызға дейін ұзартты. Атап айтсақ, Дубай, Джидда, Медина және Доха бағытындағы әуе рейстері уақытша тоқтатылды.
Билеттер сатылымы 17 наурызға дейін шектелді. Тегін қайта броньдау мерзімі 30 сәуірге дейін ашық. Ал билетті қайтару 11 наурызға дейін қолжетімді. Компания өкілдері қауіпті аймақтағы саяси ахуал басты назарда екенін айтты. Барлық жолаушыға СМС хабарламалар жіберіліп, ресми сайттар, әлеуметтік желілер, пошта және колл-орталықтар арқылы ақпараттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Тегтер #Таяу Шығыс #Air Astana #рейстерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz