RU
Толық нұсқаға өту

Ата Заң: коалиция өкілдері Павлодарға барды

05.03.2026, 19:29 26

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы Павлодар облысының тұрғындарымен кездесті. 

Қоғам өкілдері, өндіріс саласының мамандары, жастар және аймақ белсенділері жаңа Конституцияның маңыздылығы жайлы пікірлерімен бөлісті. Жалпыұлттық референдум қарсаңында Коалиция өңірлерде, оның ішінде ең шалғай елді мекендерде де 12 мың іс-шара өткізді. Коалиция мүшелерінің қатысуымен өткен Қалалық мәдениет сарайында өңірдің қоғамдық өкілдерімен қатар шамамен 900 адам қатысты. Өңір тұрғындарымен әңгіме барысында Ерлан Қошанов жаңа Конституция жобасын Мемлекет басшысы ұсынғанын атап өтті.

Қобланбек Қожин, Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы:

- Тұрғындардың бүгінгі күнде айтып жатқан, кері байланыс алып жатқан баптарымыз. Атап өтетін болсақ, 21 бап – жеке деректердің қорғалуы дейміз, 30-бапта отбасылық құндылықтар туралы айтылған. Ата-ананың балаға және баланың ата-анаға деген жауапкершілігі. 

Галина Асылбекова, «Гирка» ЖШС басшысы:

- Ата Заңымызда көптеген өзгеріс енгізілді. 84 пайызы жаңадан жазылған. Сондықтан бұл – Конституцияда өзгерістерді енгізу халықтың жағдайы, халық бас байлығымыз аталады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz