RU
Толық нұсқаға өту

Мұздан салынған ерекше үйшік жұртты таңқалдырды

06.03.2026, 10:30 92

Сақтаңсаң - сақтайды  

Төтеншеліктер түсірген мына видео ұйқыда жатқан талайдың санасын оятқандай болды.

Күнделікті тұрмыстан алынған мысалдар арқылы құтқарушылар сақтықты қаперден шығармауға шақырған. Айтып келмейтін апаттың кесірін, себебі мен салдарында әдемі ұйқастырып көрсетеді. Танымдық роликтің оқырманға мағынасы ұнаған көрінеді. «Жетесіне жеткізіп түсіндірдіңіздер», - деп жазды көпшілік. Өрт сөндірушілер жұмысының оңай емес еместігін жеткізіп жатты.

Бала мейірімі

Анасына алтын аламын деп келген қаршадай қыздың мына әрекеті көпшіліктің жүрегін елжіретті. Ол ұзақ уақыт бойы жиған-терген 12 мың теңгесін ала келіп, анасына әшекей бұйым сатып алмақ болған. Баланың пәк көңілін түсірмей, ниетін түсініп дүкен иесі қалаған алтын бұйымын қолына ұстатады. Қызды жетектеп алып анасына сыйлығын бірге табыстаған көрінеді. Жомарт жанның бұл жасағаны оқырмандарды тебірентті. «Қыздың ниеті - алтыннан қымбат! Осындай адамдар барда жақсылық жоғалмайды», - деген пікірлер қарша борады. Періште көңілді де, кәсіпкердің кеңдігін де халық жарыса жазып жатыр.

Мұздан салынған ерекше үйшік жұртты таңқалдырды

Мұздан үйшік салып, ішінде балық пісірген блогер желіні жарып жатыр. Атақты видеограф Анзор Гасаев Шығыс Қазақстанға сапарында әдемі видео түсірген. Онда ол мұзды кірпіштен үйшік жасаған. Ішінде балық аулап, одан қалай дәмді ас дайындағанына дейін таспалапты. Ерекше форматтағы оның осы еңбегі бір тәуліктің ішінде 3 млн-ға жуық қаралым жинап үлгерген. Желі қолданушылар блогердің батырлығы мен креативін қызу талқылап жатыр. «Үйің ерімесін, іші жылы, балығың көп болсын» деп әзіл аралас пікірлерде жиі жазылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz