Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырып, 18% деңгейінде сақтады.
Бұл шешім негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің жаңартылған бағалауы мен инфляция тәуекелдерінің теңгеріміне сүйене отырып қабылданған. Ресми мәліметке сүйенсек, жылдық инфляция ақпан айында 11,7%-ға дейін төмендеді. Азық-түліктің әлемдік бағасы арзандап келеді. Бірақ мұнай құны құбылмалы. Таяу Шығыстағы қақтығыстың өршуіне байланысты Brent маркасы қымбаттады. Бірақ уақыт өте түседі деген болжам бар. Осылайша, биыл оның бағасы орта есеппен 1 баррель үшін 66,3 доллар болады. Ал кейінгі жылдары 60 доллар деңгейінде тұрақталады. Осы мәселені ескере отырып, биылғы инфляцияның болжамы нақтыланды. Бағалар өсімі 9,5-11,5 шегінде бағаланады. Дегенмен Ұлттық Банк 2027 жылдың қорытындысы бойынша инфляцияның 5,5-7,5%-ға дейін баяулайды деп болжанып отыр. 2028 жылдың қорытындысы бойынша ол 5%-дық таргетке жақын қалыптасады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Ұлттық банк #базалық мөлшерлемеPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz