RU
Толық нұсқаға өту

Абай облысында құтқарушылар жоғалған ер адамды тапты

07.03.2026, 09:55 47

Абай облысы Тоқтамыс ауылынан 20 шақырым жердегі Қоңыр Әулие үңгірі маңында ТЖМ, ПД және ЖАО күштері таулы жерде адасып кеткен 1989 жылы туған ер адамды іздестіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды 24KZ ТЖМ-нің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап. 

Хабарлама түскеннен кейін құтқарушылар бірден іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. Мамандар жүруі қиын жер жағдайында іргелес аумақты және жоғалған адамның ықтимал қозғалыс бағыттарын тексеріп шықты. Іздестіру шаралары барысында ер адам қар құрсауында қалып қойған жеңіл автокөлігінің ішінен табылды. Құтқарушылар қажетті көмек көрсетіп, оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрмағанына көз жеткізді. Ер адам медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz