RU
Толық нұсқаға өту

Ақтөбе облысында жабылған жол салдарынан бір жасар бала эвакуацияланды 

07.03.2026, 10:33 46

Хромтау ауданында құтқарушылар Никельтау ауылының тұрғындарына жедел көмек көрсетті.

Қатты боран салдарынан облыстық маңызы бар «Хромтау – Бадамша» автомобиль жолы жабылып, бір жасар баланы медициналық көмек алу үшін шұғыл эвакуациялау қажеттілігі туындады. ТЖМ қызметкерлері жол талғамайтын арнайы техникамен елді мекенге барып, бір жасар баланы анасымен бірге Хромтау қаласының ауруханасына жеткізді.

ТЖМ өңір тұрғындарын қолайсыз ауа райы кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға және жабық жол учаскелеріне шықпауға шақырады. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz