RU
Толық нұсқаға өту

Жаңа Конституция бірлікті нығайтады 

07.03.2026, 15:31 50

Брюссель Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасын саяси жаңғырудың маңызды кезеңі ретінде бағалап отыр. 

Еуропалық сарапшылар қолданыстағы Ата Заңның қабылданғанына отыз жылдан астам уақыт өткенін еске салады. Олардың пікірінше, президенттік жүйеден парламенттің өкілеттігі күшейген моделіне көшу мемлекеттік басқару жүйесін анағұрлым теңгерімді етуі мүмкін. Сарапшылар сондай-ақ реформалардың ашық түрде жүргізіліп жатқанына да назар аударады. Құжатты талқылау барысында азаматтармен және жергілікті билік өкілдерімен диалог орнатылғанын және соңғы шешімнің бүкілхалықтық референдумда қабылданатынын құптайды. 

Антонио Бускардини, Брюссель пресс-клубының президенті:

 - Бұл қадам Еуропаның саяси дәстүрімен үндеседі. Өйткені ол демократиялық құндылықтарымызға сәйкес келеді. Еуропалық Одақта құқықтар мен бостандықтардың Конституцияда бекітілуі олардың мемлекет тарапынан қорғалатынына қосымша кепілдік береді және негізсіз шектелуіне тосқауыл қояды. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz